Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі – дені сау ұлт жолы.


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылы қаңтар айындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының тапсырмасын орындау барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделін ұсынған болатын, ҚР Үкіметі жаңа модельді мақұлдады. Бұдан әрі ТМККК тізбесі медициналық технологиялардың үздіксіз дамуын ескере отырып, мезгіл-мезгілімен жаңартылып отыратын болады.

ТМККК оңтайландыру мәні бар аурулардың тізбесін, динамикалық бақылауға жататын аурулардың санын қысқарту, сондай-ақ диагностикалаудың ескірген және тиімсіз әдістерін алып тастаудан басталады.Тиімділігі аз онкологиялық аурулар бойынша скринингтер қысқартылады. Стационарлық көмек бойынша науқастар ағымын 20%-ға стационарды алмастыратын көмек деңгейіне қайта бөлінеді. Стационарлық көмек шығындары төмендеп, үнемделген стационарды алмастыратын көмек қолжетімділігінің артылуы күтілуде. Мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ғана (жүкті әйелдерге молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізу, тұқым қуалайтын және орфандық аурулар) қымбат қызметтерге кепілдік беріледі. Медициналық қызметтің кепілдендірілген пакетінде нысаналы топтар, балалар патронажы мен жүкті әйелдерді бақылау қарастырылған.

Қазақстандықтарға медициналық қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі ұсынылды:

— тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) жалпы жұртшылыққа арналған минималды әлеуметтік стандарт;

-әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылғандарға арналған қызметтер пакеті;

— медициналық көмектің басқа да қаржы көздерінен қаржыландыратын қосымша көлем.

Жаңартылған ТМККК тізбесі алғашқы медициналық санитариялық көмек профилактикасына бағытталған. ТМККК жаңа үлгісі шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайға тап болған әрбір адамға көмек көрсетуге, сондай-ақ барлық қоғамға маңызы бар, яғни демографиялық көрсеткіштердің нашарлауын тудыратын және пациенттерді мүгедектікке алып келетін аурулар бойынша көрсетіледі. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек тізбесіне динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларды емдеу (аурулардың 25 тобын қамтиды); әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу (туберкулез, АИТВ инфекциясы, психикалық бұзылыстар мен мінез-құлықтың бұзылулары, қатерлі ісік); қан тазарту, перитонеальдық диализ, тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесіне көмек көрсету енгізілген.

ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар, динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады.

ТМККК-дан басқа ауруларды  (эндокринологиялық, неврологиялық, аутоиммундық, тұқым қуалайтын, және т.б.) дәрі-дәрмекпен қамту МӘМС есебінен жүзеге асырылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі сақтандырылған азаматтарға болашақ ұрпақтың негізін қалайтын көмек, әр адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек көрсетуге кепілдік береді. Сақтандырылған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінен басқа тегін қымбат зертханалық және диагностикалық, сондай-ақ КТ, МРТ сияқты, стационарды алмастыратын қолжетімді медициналық көмек, қымбат тұратын жоспарлы стационарлық көмек, қалпына келтіру емі, медициналық оңалту және профилактикалық тексеруден өте алады.     Сондай-ақ МӘМС жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер және де көп балалы аналар тегін стоматологиялық көмек ала алады.

Бір сөзбен, шұғыл кезек күттірмейтін көмек пен мемлекет тарапынан реттеуді талап ететін саланың бәрі ТМККК пакеті есебінен жүзеге асырылады.Ал, кепілдік берілген тегін көмекке кірмейтін қосымша қызметтер МӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы ауруларды динамикалық бақылау және диспансерлеу саясатын қарастыруда, оның ерекшелігі емхана деңгейінде ауруларды басқару, сондай-ақ пациентті өз денсаулығын өзі қадағалап ауруды басқаруға тарту. Былайша айтқанда, пациент белгілі бір өмір салтын ұстанып, дәрігер жазып берген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдап, денсаулық жағдайын бақылап жүруі тиіс.

Динамикалық бақылау кезінде ТМККК шеңберінде дәрігер-мамандардың қызметі, диагностикалық қызметтердің қажетті базалық көлемі ұсынылады. Осы шаралардың бәрі ауруды бақылауда ұстап, оның асқынып кетуіне  жол бермейді.

ТМККК жаңа моделін енгізу медицина қызметкерлеріне де, пациенттерге де оң нәтиже береді. Пациенттер толыққанды  медициналық қызмет (кеңес беру-диагностикалық, оңалту-қалпына келтіру) алуға мүмкіндігі  болады, аз шығынданып өз денсаулығын басқаруға дағдыланады.

Маңыздысы МСАК мамандарының жүктемесі азайады, шұғыл медицина қызметі көрсетілетін медициналық көмектің көлемін нақты  айқындай алады, нәтижесінде медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, бәсекелестік қабілеті деңгейін арттыруға мүмкіндік болады.

 

 

«Денсаулық» коммерциялық

емес жеке меншік мекемесі

бастығы                                                            А.Қарабаева