Дүниежүзілік бала емізу апталығы! Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдас тырушылық-әдістемелік басшылығымен ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде бала емізудің бала денсаулығына пайдасы туралы хабардар ету мақсатында Байзақ ауданында Дүниежүзілік баланы емізу апталығына (1-7 тамыз) орайластырылған ұлттық бағдарлама өткізіледі. Емшек емізудің пайдасы қандай? — Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде — ішек инфекцияларынан қорғайды. — ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді; — баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады; — балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді; — емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін; — емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі. Емізудің мұндай тәсілі балалар үшін пайдасынан басқа, ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.
Емшек емудің бала үшін артықшылықтары: 1. Баланың анасымен арасындағы жақсы өзара қарым-қатынас (анасымен тығыз қарым-қатынас балаға қорғаныш сезімін бере отырып, баланы тыныштандырады, емізген кездегі анасымен қарым-қатынас баланың эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық дамуын арттырады); 2. Организмге толыққанды нәрлі заттардың, микроэлементтердің, дәрумендердің, ферменттердің түсуін қамтамасыз етеді;Отредактировано · 2 дн.
baizaktsrb3. Асқазан-ішек жолының қызметін реттейді (диспепсиялық аурулардың жиілігі мен ұзақтығын азайтады); Иммунологиялық қорғаныс туғызады (емшек еміп жүрген балалар жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда 2,5 есе аз ауырады және олардың ішінде 6 айлық балалардың диареядан өлу ықтималдығы 25 есе аз болады, респираторлық инфекциялардан қорғауды қамтамасыз етеді, құлақтың қабынуы және оның қайталану жиілігі азаяды); 4. Нәрестелерді некротиялық энтероколиттен, бактериемиядан, менингиттен, ботулизмнен және несеп шығару жолдарының инфекциясынан қорғауы мүмкін; 5. I типті қант диабеті және ас қорыту жолының қабынуы сияқты аутоиммундық аурулардың азаюы мүмкін; 6. Дені сау баланың мезгілсіз шетінеу синдромы қаупінің азаюы мүмкін; 7. Сиыр сүтіне аллергияның даму қаупі азаюы мүмкін; 8. Неғұрлым өскен кезде семіздік қаупін төмендетуі, өскенде жүректің ишемия ауруының алдын алуы мүмкін; 9. IQ шкаласы бойынша ақыл-ой дамуының көрсеткіштері жоғарылайды; 10. Еңбек – тамақ стереотипін қалыптастырады; 11. Тістердің түйісуін дұрыс қалыптастырады.