ЧНУ «Денсаулык»

ПН - ПТ: 8:00 - 20:00
Суббота: 8:00 - 14:00
Воскресенье: выходной

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля

Құрметті пациенттер мен келушілер!
Қазақстанда денсаулықты сақтау аса маңызды мемлекеттік басымдық болып табылады. Медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету отандық денсаулық сақтау үлгісінің басты стратегиялық міндеті.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ)

««Жекеменшік коммерциялық емес мекеме» қалалық емхана тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет алуға пациенттің құқығын қамтамасыз ету үшін Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) жұмыс істейді.

ПҚжІБҚ сауалнама жүргізу арқылы көрсетілетін медициналық көмек сапасына халықтың қанағаттануын зерделейді, пациенттердің барлық өтініштері бойынша жедел шешім қабылдау үшін құзырлы медицина қызметкерлерімен бірлесіп «осы жерде және қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдайды. Барлық проблемалық сұрақтар ПҚжІБҚ жанындағы медициналық қызмет сапасын басқару бойынша Кеңестің қарауына ұсынылады және ішкі аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту іс шараларының жоспары медицина ұйымының басшысына ұсынылады.

Пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында ЖКЕМ емханада:

  • 51-18-50 - сенім телефоны жұмыс істейді - медицина персоналының қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады;
  • «Өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшік» - аты-жөндеріңізді, байланыс телефондарыңызды көрсетіп (телефон, мекенжай) жазбаша өтініштеріңізді қалдыра аласыздар.

Сіз өтініш жасай аласыз:

  • 1. 511-850 сенім телефоны бойынша;
  • 2. Директордың медициналық қызмет сапасын сараптау бойынша орынбасары м.а.: Жакин С.Б., Шухова 34, № 118 кабинет, телефоны 51-18-50; 51-19-33
«Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (8-бап) Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңыз міндетті түрде қаралады. Жазыңыздар, ұсыныс жасаңыздар, назардан тыс қалдырмаймыз, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.